Наурыз тойы — Егізатада

Наурыз – достықтың, ынтымақтың, ырыс-берекенің, жаңарудың мерекесі, ел бірлігі мен татулығының бастауы. Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын Құрмансай ауылдық округі Егізата ауылының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады. Аудан әкімі Медет Ысқақов ауыл халқын мерекемен құттықтап ізгі тілегін жеткізді. Сондай ақ, аудан басшысы мерекеге орай Құрмансай, Байнассай ауылдарындағы ауылшаруашылық саласының ардагерлерімен көрісіп, шаңырақтарына береке, молшылық тіледі.