Өнер және тәрбие ордасы

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебі – заманға сай дамып келе жатқан өнер және тәрбие ордасы. Өнер мектебінің білім беру үрдісінің негізгі мақсаты – музыкалық аспапта ойнауды үйретіп қана қоймай, музыкалық сауатын ашып, оларды елжандылыққа, сұлулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеп, әртістікке, сымбаттылық, жауапкершілік, ұйымшылдыққа баулуда. Сонымен қатар кәсіби бағдар беріп, өнерпаз түлектер дайындайды. Соңғы үш жылда мектебімізден қанат қаққан қырыққа жуық түлегіміз Қазақстан, Ресей қалаларындағы арнаулы музыкалық колледждер мен жоғарғы оқу орындарыда өз білімдерін жалғастыруда. 

 

Мектептің қазіргі келбетіне келсек, оқушылары мен мұғалімдерінің мамандықтарына сай дәрісханалары мен концерт залы бар. Мекеменің ішкі және сыртқы көрінісі заманауи тұрғыда безендірілген.

2001 жылдан бері жерлесіміз, ұлы күйші Қ.Медетов атамыздың есімі берілген өнер ордасында бүгінгі күні “Айтыс, Ән өнері”, “Көркемөнер”, “Классика”, “Эстрада”, “Хореография”, “Қазақ ұлт аспаптары”, “Ұрмалы және үрмелі аспаптар”, “Актерлық өнер”   бөлімдері де жұмыс жасайды.

Мектеп ұжымы балалар зердесіне құйылатын музыка өнерін басты мұрат етіп өрістетіп отыр. Қазіргі таңда 35 кәсіби, олардың ішінде «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» санаттарындағы мұғалімдер жұмыс жасап, 510 дарынды оқушы білім алуда. Сонымен қатар Қаратоғай, Қаратаусай, Сарыжар, Саржансай, Жайсаң елді мекендерінде филиалдары бар.

Әр оқу жылының басында оқу-тәрбие  жұмыстарына жоспарлар құрылып, жоспарға сай жұмыстар жасалып отырады.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда; сабақтар сабақ кестелері бекітіліп, мамандық аспаптарын үйрену, музыкалық сауатты меңгеріулері бойынша мектепішілік бақылаулар тұрақты жүргізіледі. Жас өнерпаздарды анықтау, насихаттау мақсаттарында ұйымдастырылып тұратын әртүрлі деңгейдегі аудандық, облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық байқауларға да қатыстырылып тұрады. Атап айтар болсақ Санк-Петербург, Казань, Астана, Тараз, Алматы, Орал, Ыстық көл т.б. қалаларына барып жүлделі орындарды

Оқу-әдістемелік жұмыстарында; мұғалімдер тәжірибе алмасу мақсаттарында  өзге мұғалімдер сабақтарына қатысып, ашық сабақтар беріп, әдістемелік баяндамалар оқып, семинар, вебинарларға қатысып, өздерінің орындаушылық шеберліктерін арттыруда мектепішілік оркестр, ансамблдер құрамында ойнайды.

Елімізге төнген төтенше жағдай «пандемия» кезінде де өнер ордасы өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Мектеп басшысы Ильясова Жанар Қорғанбекқызының басқаруымен ұжым және оқушылар қашықтықтан оқу процесін бастап, байқауларға, концерттерге, көрмелерге қатыстырылып, мұғалімдер республикалық, облыстық вебинарлар арқылы тәжірибелерімен бөлісті.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімдер мен оқушылар аудандық, облыстық шараларға белсене қатысып, аудан мәртебесін көтеруде өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, жыл сайын мектебіміздің дәстүріне айналған мектеп директорының проектісі бойынша киелі сахнаны сезіну және армандарын жүзеге асыру мақсатында ата – аналар арасында  «Сағындырған әндер-ай!», педагогтер арасында «Екі жұлдыз» жобасы және есеп беру концерті өткізіліп тұрады.  Оқу жылының соңында жыл бойы жасалған жұмыстарының нәтижесімен анықталып; «Үздік ұстаз», «Үздік ата-ана», «Үздік оқушы», «Үздік бөлім», «Үздік филиал» номинациялары марапатталады. Өнер мектебінің қара шаңырағында еліміздің танымал жұлдыздары Кеңестік және Қазақстандық кино және театор актеры, режиссер, педагог, профессор Асанәлі Әшімов, ақын, композитор, жырау Жакен Омаров, Қазақстанға еңбегі сіңген СССР қайраткері әнші Хайдар Өтеғалиев,   Қазақстандық еңбек сіңірген қайраткері, әнші, термеші Мейрамбек Беспаев, «Мен қазақпын» жобасының жеңімпазы, «үздік күйші – 2017» Ардақ Елусіз қонақта болып, мектеп ұжымы мен оқушыларымен кездесті.

Биылғы жылы енгізілген «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» жобасы бойынша

І тоқсан –  «Айтыс өнері», ІІ тоқсан – «Алтын сақа», ІІІ тоқсан – «Ұлттық өнер», ІVтоқсан – «Туған өлкем» тақырыптарына сай мәдени шаралар жоспарланып ұйымдастырылуда.

Балалардың жазғы каникулы кезінде мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейлерде лагерлері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектепішілік, аудандық, облыстық іс-шараларға, байқауларға белсене қатысып, жүлдегер атанған оқушылар, үздік тәжірибесімен бөліскен ұстаздар әртүрлі номинациялар бойынша Алғыс хаттармен марапатталып тұрады.

Мұғалімдердің оқушыларға сапалы білім-тәрбие берулері үшін мектептің техникалық базасы қамтамасыз етіліп, жиһаздар, музыкалық аспаптар (рояль, лэд экран, музыкалық аппаратура, үрмелі, клавишті, ішекті аспаптар, интерактивті тақта т.б.) үнемі жаңартылып тұрады.

«Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» — деп  философ Аль-Фараби айтқандай келешек ұрпаққа білім беруде тәрбиенің маңызы зор.