Онкологиялық аурулардың алдын алу
17 сәуір күні Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медициналық орталығының мамандары Мәртөк ауданы тұрғындары үшін онкологиялық скрининг жүргізді.
«Қазақстан халқына» қоры «QH Денсаулық жолы» қайырымдылық жобасы аясында «Оптима» жылжымалы медициналық кешенін сатып алған. Жоба Ақтөбе облысының елді-мекендерінде жылжымалы медициналық кешендерді жіберу арқылы неоплазмаларды ерте анықтауды көздейді.
Бұл медициналық кешеннің облыс аудандарына алғашқы сапары. «Доңғалақты ауруханала» сараптамалық кластағы ультрадыбыстық аппаратпен, томосинтез функциясы бар цифрлық маммографпен, 128 кесінді КТ аппаратымен жабдықталған.
Орталықтың мамандар тобы аудан тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізді. Дәрігерлердің қатарында онколог, онкомаммолог, онкохирург, онкогинеколог, терапевт, функционалдық диагностика дәрігері бар.
Осылайша, жобаны іске асыру шалғай өңірлер мен ауылдық жерлердегі тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы онкологиялық аурулардың ерте диагностикасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба ауылдық жерлерде кадрлар мен медициналық жабдықтар болмаған жағдайда консультациялық-диагностикалық зерттеулерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Скрининг нәтижесінде, мамандарға ауданымыздың 117 тұрғыны қаралды. Мобильді медициналық кешенге келген тұрғындар «Қазақстан халқына» қорына және Медициналық орталықтың дәрігерлеріне ауыл тұрғындарының денсаулығын тексеруге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.
Жалпы ауруды ерте сатыда анықтау – жағдайдың күрделенуіне жол бермейді, дейді мамандар. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді уақытылы анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға болады.
Әлиянұр КЕЛБАТЫРОВА.