Президент Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзерді қабылдады

Джейн Фрейзер Қазақстанмен арадағы серіктестікті банктер тобы қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастыратынын жеткізді, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесті. Франсиско Гомес Нето Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне жоғары баға беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.
Сонымен қатар Президент ExxonMobil корпорациясының басшыларын қабылдады. Мемлекет басшысы Даррен Вудспен Теңіз бен Қашағанның болашағын талқылады.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-sitigroup-kompaniyasinin-bas-atkarushi-direktori-dzheyn-freyzerd-kabildadi-ac61f0/