Президент тапсырмаларын орындау: Арнаулы мемлекеттік қордан 459 млрд теңгеге 452 әлеуметтік жоба қаржыландырылды

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының қаржы министрі Мәди Такиев елден заңсыз шығарылған активтер жинақталған Арнаулы мемлекеттік қор жұмысының нәтижелері туралы хабарлады.
«2023 жылдың қазан айында Арнаулы мемлекеттік қор құрылды. Осы жылдың қазан айында қорға жалпы түсімдер 490 млрд теңгені құрады, оның ішінде еліміздің барлық өңірінде 459 млрд теңгеге 452 сумен жабдықтау, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы әлеуметтік жобалар қаржыландырылды», — деп атап өтті министр. 📱 @KZgovernment