«Сапалы өнім» жобасының жүзеге асырылуы туралы.
2023 жылы Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасын ұсынды. Бұл жоба тұтынушылар мен қоғамдық бірлестіктерді сапалы және қауіпсіз тауарларға құқықтарын талап етуге бағытталған.
2024 жылдың басынан бастап импорттық тамақөнімдерін мемлекеттік тілде таңбалаудыңболмауына, ылғал мен майдың массалық үлесініңсәйкес келмеуіне, сондай-ақ өнімнің атауын жәнедайындаушының орналасқан жерін толықкөрсетпеуіне байланысты бұзушылықтаранықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚазақстанРеспубликасының Кодексіне сәйкес, әкімшілікшаралар қабылданды. Уәкілетті мемлекеттікоргандар осы бұзушылықтар бойынша 19 хаттамажасады, сәйкестік туралы 2 декларацияның күші жойылды. Сонымен қатар, 16 ішкі саудасубъектісіне 39 393 640 теңге айыппұлсалынды. Қазіргі уақытта 15 бұзушылық бойынша құжаттар тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.
Мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда, тұтынушылар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға растайтын құжаттармен жүгіне алады.
Ақтөбе облысы бойынша сауда және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.