СЕНАТОР ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ
Облыста жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы ауданымызда болды.
Депутат аудандық мәслихат депутаттарымен, Мәртөк ауданының тұрғындарымен, ардагерлерімен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесті.
Жүздесуде сөз алған Амангелді Шайхоллаұлы депутаттардың облыс орталығында және аудандарда кездесулер өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп отырған саясатын, айқындалған тапсырмалардың орындалу барысын, сонымен қатар Сенат қабылдаған заңдар мен депутаттық топтың қызметі туралы айтып өтті.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ инфрақұрылым және білім беру салаларына қатысты мәселелер көтерілді. Сенат депутаты қатысушылардың кейбір ұтымды ұсыныстары Парламенттегі жұмыста басшылыққа алынатынын айтты. Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді шешудің маңыздылығын атап, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуына ықпал ететіндігін атап өтті.