Суды үнемдеу мен тиімді басқару уақыт талабы

 Өздеріңізге белгілі, елімізде өткен жылы қабылданған жаңа Су кодексі су қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды күшейтуге, суды үнемді пайдалануға, ластанудан және оның тапшылығынан қорғауға және қоғамды  су ресурстарын реттеуді басқаруға тартуға бағытталған.

Басты ерекшеліктері:

Мемлекеттік бақылаудың күшейтілуі: қадағалау функциясының қосылуы;  
су ресурстарын ұтымды пайдалануға міндеттеу.
 Оған қоса жаңа Су кодексінде заман талабына сай цифрландыру қарастырылған. Мысалы қазіргі таңда Су ресурстарының ұлттық-ақпараттық жүйесі жасақталды. Бұл жүйеде су шаруашылығы құрылыстары тізімі, су деңгейлері және т.б. өзекті ақпараттар бар, сонымен қатар су пайдаланушылар осы жүйе арқылы есептерін тапсырады.

Жаңа кодекс өңірімізде заңсыз су пайдалануды болдырмауды, су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде тыйым салынған шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмеуіне бақылауды күшейтіп, заң бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті шаралар қолдануға құзыреттілік береді. Бұл әрекеттер су ресурстарын тиімді пайдалануға, оны ластанудан, сарқылудан сақтауға көмектеседі.

Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы қызметіне   «Қазақстан Республикасының су заңнамасында және “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен арнаулы су пайдалануға рұқсатты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, тоқтата тұру және оның қолданылуын тоқтату»,  «Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды келісу» жатады.

     Сонымен қатар, «Арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау», «Тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

        Ақтөбе облысы аумағында ұзындығы 20 шақырымнан 593 шақырымға дейін жететін 64-тен астам өзен бар. Олардың ішіндегі ең ірілері: Ембі – 500 км, Ойыл – 322 км, Қобда – 225 км, Елек – 257 км, Ор – 200 км және басқа да өзендер.

       Облыстың негізгі өзендері: Ілек, Ембі, Қобда, Ойыл, Сағыз, Ор, Темір және Қарғалы. Сонымен қатар, Арал маңының ағынсыз алабы да облыс аумағын қамтиды. Табиғи су объектілерінің мемлекеттік су кадастрына сәйкес Жайық–Каспий бассейнінде барлығы 220 өзен есепке алынған.

         Елек өзенінің халық шаруашылығындағы маңызы зор. Оның су ресурстары Ресей Федерациясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен пайдаланылады.

       Ағымдағы жылы тасқын су  кезеңі Ақтөбе облысында орташа деңгейде өтті. Су тасқыны кезеңінде Ақтөбе су қоймасына 45.49 млн.м3,Қарғалы су қоймасына-30 млн.м3, Сазды су қоймасына  0.6 млн.м3 су келді. Су қоймаларына су жіберу  ең төменгі(санитарлық) режимде сақталды.

       Сонымен қатар, облыс бойынша су шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсек: 2026 жылы Ақтөбе бойынша 6 гидротехникалық құрылысқа көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде гидротехникалық қондырғылардың жөнделуі үшін қажетті алғышарттардың бірі.

       Су ресурстарын қорғау мақсатында уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар арасында тиісті өңірлердің су объектілерін санациялау жөніндегі жол карталары әзірленді.                                    

       Ақтөбе облысының елді мекендерін су басу қаупі бар учаскелерін санациялау жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес  2 іс-шара көзделген.

        – Ақтөбе су қоймасынан бастап Ақтөбе қаласындағы Құрайлы кентіне дейін Елек өзенінің арнасын тазарту,түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары;

        – Садовое кентінен бастап Елек өзеніне қосылатын жерге дейін Қарғалы өзенінің арнасын тазарту,түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары.

         Жоба бойынша жоспарлы түрде тиісті шаралар атқарылуда, өз кезегінде инспекция мамандары осы жоспарланған шаралардың жүзеге асырылуын үнемі бақылауда ұстайды.

        Сонымен қатар, Жаңа кодекстің басты ерекшеліктерінің бірі  – өнеркәсіптік ұйымдар мен жылу өндіретін субъектілеріне айналымды қайталама сумен жабдықтау жүйелерін ендіру арқылы су ресурстарын ұтымды пайдалануды, ауыл шаруашылығында су үнемдеуші технологияларды енгізуді міндеттеу болып табылады.

        Сонымен қатар, су пайдаланушылар Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей айналымды қайталама сумен жабдықтау жүйелеріне ауысу жоспарын беруге міндетті. Бұл ретте жоспарды іске асыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс.

Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының  мамандары Су кодексінің нормалары, арнаулы су пайдалануға рұқсат алу тәртібі, «көлеңкелі қара нарықпен күрес» бойынша мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен шаруа қожалықтарына,  аудан әкімдіктерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

        Осы ретте, Инспекция «Суды үнемде, болашақ ұрпаққа сақта» атты шаралар арқылы болашақ ұрпаққа толыққанды тіршілік көзін сақтау қажеттілігін көрсете отырып, барша су қорғау, су бұру, су жеткізу  және сумен қамтамасыз ету саласында қызмет атқаратын су саласы қызметкерлерін  9 шілде «Су шаруашылығы қызметкерлері» күнімен құттықтайды.

Жайық-Каспий бассейіндік су инспекциясы басшысы Әзидуллин Ғалидолла Әзидоллаұлы.