«Таза Қазақстан»: Экологиялық тазалыққа ұмтылу
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында экологиялық мәселелерге ерекшеназар аударылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде«Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық экологиялықакцияның маңыздылығын атап өтті.
Бұл бастама – тұтас халықты біріктіріп, еліміздіңтабиғи байлығын, экологиялық ортағажауапкершілікпен қарауды насихаттау мақсатындақолға алынған. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, қоғамдық санада экологиялық мәдениеттіқалыптастыру. Бүгінгі күні акцияға Ақтөбеоблысының 418 мыңнан аса тұрғыны мен 7,6 мыңнан астам мекеме және кәсіпорын қатысты.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 105 мыңғыжуық көппәтерлі және жеке тұрғын үй аулаларытазартылып, 291 саябақ пен сквер ретке келтірілді. 356 мың ағаш және 6,4 мың бұта отырғызылып, тұрғындардың экология мәселесіне дегенжауапкершілігі арта түсті.
Біз экологияға ғана емес, мәдениеттілік пен жауапкершілікке де назар аударуға тиіспіз. Табиғатымызды қорғау – әрқайсымыздыңміндетіміз.