ТҰҒЫРЫ БИІК — ҚАЗАҚСТАН

Осыдан тура 33 жыл бұрын 25 қазан күні Жоғарғы Кеңестің 307-ші қаулысымен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, Тәуелсіздікке нық қадам жасалды. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

 

Осы орайда, 23 қазанда аудандық Мәдениет үйінде бүгінгі еңселі Егемендігіміздің, тұғырлы Тәуелсіздігіміздің, айбарлы азаттығымыздың айғағы ұлттық мерекеміз — Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Айтулы мерекеде аудан халқын аудан әкімі Алмас Салықбаев құттықтады. Келесі кезекте ауданның дамуына үлес қосқан мәртөктіктер марапатталды. «Мәртөк ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі Аққұдық ауылдық округінің әкімі Ерлан Тукибаевқа, Мәртөк аудандық ауруханасының дәрігері Серік Қосмамбетовқа, спорт ардагері Ертөс Абдрахмановқа, аудандық Мәдениет үйінің директоры Махамбетқали Ноғаевқа, Мәртөк аудандық білім бөлімінің әдіскері Тазагүл Шүйішбаеваға, Мәртөк аудандық білім бөлімінің орталықтырылған бухгалтериясының есепші Татьяна Леоноваға, «АсланАли» ЖШС-нің директоры Бауыржан Аяповқа және саржансайлық Нұрсұлтан Бекбауов пен Родников ауылынан Жанна Кукановаға табысталды.

Сондай-ақ, Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаевтың атынан бірсыпыра мәртөктіктер марапатталды. Олар: Рустембек Дузбаев, Сарыжар ауылдық округінің бас маманы, Айбек Тұралиев Жайсаң ауылдық округінің бас маманы, Әлібек Нұрышев, Сарыжар ауылы №21 Өрт-сөндіру бекетінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты, Әлибек Сейтов Мәртөк аудандық полиция бөлімінің Патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты, Татьяна Коваленко Мәртөк аудандық ауруханасының қызметкері, Зауреш Менденова, жеке кәсіпкер, Елена Нечитайло жеке кәсіпкер, Қиилбай Қаламғазин Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы Мәртөк аудандық филиалының төрағасы және Расул Лупан Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері, белсенді жас.

Іс-шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің қазақ ұлтаспаптар оркестрінің және ауданымыздың дарынды өнерпаздары өз өнерлерін паш етті.