МЕРЕКЕЛІК ШАШУЛАР, МЕРЕКЕЛІК АШЫЛУЛАР

ҚАРАБҰЛАҚТА ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

 

Аталған шара Республика күніне тұрпа-тұс келіп, ауылдың 25 шаңырағына қуаныш сыйлады.

Жалпы осы күнге Мәртөк ауданының 32 елді-мекенінің 13 ауылы толықтай газбен қамтылған.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін ауданның Байторысай және Қаратаусай ауылдарына газ құбырын қосу жоспарда бар.

Саржансайдағы ет цехы

 

Саржансай ауылының тұрғыны Закир Аманов биылғы жылы “Ауыл аманаты” жобасының игілігін көрген тұрғындардың бірі. Ол аталған жобаның аясында 2,5 пайызбен 5,2 млн. теңге көлемінде несие алып, ет өңдеу цехын ашып отыр.

Аудан әкімі Алмас Салықбаев пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ануар Искарин кәсіпкердің ет цехының ашылу салтанатына қатысып, шаруашылығының барысымен танысты.

Қаратоғайдағы ауылдық клуб

 

Республика күні қарсаңында Қаратоғай ауылының тұрғындары үшін бой көтерген ауылдық клубтың лентасы қиылды.

Ауылдық клуб 150 орындықты. Бұрынғы ауылдық клубтың 1975 жылы бой көтергендігін және оның ескіргендігін алға тартқан ауыл тұрғындары ауылға жаңа клубтың қажеттілігімен аудан әкіміне бірнеше мәрте жүгінген болатын.

Мәселенің шешу жолы қарастырылып, ауылдық клуб құрылысына аудан бюджетінен 106,4 млн. тг. Бөлінді

РОДНИКОВКАДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ

 

2022-2023 жылдары жүргізілген құрылыс жұмыстарына бюджет қаражатынан 323,4 млн. тг. қаржы бөлінген болатын.

Нысанның жалпы аумағы 995,8 ш.м. Нысанда балаларға арналған гір, қазақ күресі үйірмелері жұмыс жасайиын болады. Алдағы уақытта спорттық ойын түрлерін ашу жоспарда бар.

Естеріңізге саламыз бұл аудан көлемінде пайдалануға берілген 5-ші спорт кешені.