Ұлттық құрылтай – ортақ мақсат пен келелі істердің бастауы

 

Еліміздің келелі мәселелерін талқылайтын жиын 2026 жылы V (бесінші) Ұлттық құрылтай 19-20 қаңтарда Қызылорда қаласында өтті және онда Қазақстанның дамуына қатысты бірнеше маңызды бағыттағы мәселелер кеңінен талқыланды. Бұл құрылтай – Президенттің консультативті-кеңесші органы ретінде қоғамның стратегиялық проблемаларын ашық талқылауға арналған алаң. Осы уақытқа дейін Ұлттық құрылтай отырыстары Түркістан, Атырау, Ұлытау және Бурабай қалаларында өтті. Басқосулар барысында ел дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, қоғамдық пікірге негізделген ұсыныстар айтылды. Ұлттық құрылтай жанданғалы елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешім тауып келеді. Жыл өткен сайын тақырып аясы кеңіді, айтылатын салмақты ой ұлғайды. Алқалы жиында назарда болған кемшілікті түзету заң шеңберінде бекіп, қоғамның оң бағытқа бет алғанын байқаймыз.

Алқалы жиынның алғашқы күнінде:
1. Азаматтық қоғам және қоғамдық қатысу – Құрылтайдың секция отырыстарында азаматтық қоғамды дамыту, халықпен белсенді диалог орнату тақырыптары көтерілді. Мұнда үкіметтік емес ұйымдар, партиялар және өңірлік қоғамдық кеңестер өз ұсыныстарын білдірді.
2. Экономикалық даму – Экономика, инвестициялар, өңірлік даму және шаруашылықты қолдау мәселелері бойынша пікірталастар болды. Бұл секцияда экономикалық прогрестің кедергілері мен мүмкіндіктері талқыланды.
3. Әлеуметтік-мәдени даму – Әлеуметтік және мәдени салалардағы өзекті мәселелер бөлімі белсенді талқыланды: мәдениеттің дамуы, ақпарат, қоғамдағы мораль-рухани құндылықтар және әлеуметтік интеграция. Қатысқандар осы салалардағы жаңа бастамаларды көрсетті.
4. Білім және ғылым – Білім беру жүйесі мен ғылымның рөлі бойынша пікір алмасулар өтті – қоғамда болып жатқан балалардың ұлттық тәрбиесі мен білім сапасын арттыру, инновацияларды енгізу, ғылыми зерттеулерді қолдау секілді тақырыптар қозғалды.
5. Конституциялық және саяси реформалар – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай аясында ағымдағы реформалар, оның ішінде парламенттік жүйені және Конституцияны жаңарту мәселелері бойынша нақты пікірлер айтылды. Бұл реформалар елдің саяси жүйесін заманауи талаптарға сай өзгертуге бағытталған.

Сонымен қатар әлеуметтік саясат, аймақтардың дамуы, жастардың қоғамдық өмірге қатысуы, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ білім беру саласындағы түйткілдерге басымдық берілді. Қоғам өкілдері нақты ұсыныстарын ортаға салып, мемлекеттік органдармен ашық диалог жүргізу тәжірибесі қалыптасты.

Құрылтай мүшелері ұлттық құндылықтарды одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударды. Яғни, «Былтыр еліміздің ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Енді осы құжатты басымдық ретінде қарап, белсенді түрде іске асыруымыз керек», – деп нақты іске асырылуы туралы ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді.

Биыл еліміздің қоғамдағы рухни мәселесіне де айрықша тоқталды: «Қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл ақиқат. Сондықтан руханият мәселесіне айрықша мән береміз» деп бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралар қолға алынды. Жалпы, ұлттық құрылтайдың тиімді диалог алаңы ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін негізгі идеяларды талқылауға және нақты стратегиялық қадамдарды тұжырымдауға арналған негізгі институт деп атаймыз. Президент сөзімен айтқанда: «Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Лудомания, яғни ойынқұмарлыққа және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес басталды. Аномастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан құрметті атақтар енгізілді. Сол арқылы еңбек адамдарының мәртебесі арта түсті. Бұдан бөлек, біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын басты құндылықтарымызды айқындап алдық» деген болатын.

Біздің байқағанымыз, Президент әрбір құрылтайдағы көтерілген проблемалар құрғақ сөз емес, ел болашағын елең еткізетін өткір мәселелер мен ұлт болашағына арналған жоспар негізге алып отыр. Дегенмен, экономикалық, әлеуметтік, білім, тәрбие, ғылым, экология, демографиялық, өнеркәсіп т.б. мәселелерді шешу бағыты нақтыланды.

Ұлттық құрылтай 2026 жылғы отырысында азаматтық қоғамды күшейту, әлеуметтік-мәдени даму, экономикалық прогресті жеделдету, білім және ғылым саласындағы проблемалар, сондай-ақ саяси жүйені, әсіресе парламентті қайта қарау және мүмкін жаңа Конституция мәселелері талқыланды. Бұл талқылаулар елдің ұзақ мерзімді стратегиялық даму мақсаттарын айқындауға бағытталған маңызды қоғамдық диалогтың бір бөлігі болып табылады.

Жемісті еңбек етіп, Ұлттық құрылтайдағы тапсырмалардың орындалуына үлес қосу міндеміз. Айқын мақсат пен мазмұнды жобаларды жүзеге асыруға атсалысайық!

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Абай Дүйсенбаев