Ұлттық ойындардан аудан біріншілігі

Қазан ЖНББМ қабырғасында оқушылар арасында асық атудан және бес тас лақтыру ұлттық ойындарынан аудан біріншілігі өтті. Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру әдіскері Б.А.Кузембаев сөз сөйлеп оқушыларға жеңіс тіледі. Жарыс айналмалы жүйемен ойнатылды. Жарысқа жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасынан 9 команда қатысты. Жарыс өте тартысты болды. Нәтижесінде жеңіске жеткен команда оқушылары кубокпен, медальдармен және грамоталармен марапаттады.

Ер балдар арасында (асық ату) 1 орын Аққайың ЖОББМ командасы; 2 орын Саржансай ЖОББМ командасы; 3 орын Хлебодар ЖОББМ командасы. Қыз балдар арасында (бес тас) 1 орын Аққайың ЖОББМ командасы; 2 орын Хлебодар ЖОББМ командасы; 3орын Байторысай ЖОББМ командасы жеңіске жетті. Жалпы есеп бойынша (асық ату, бес тас) 1 орын Аққайың ЖОББМ;  2 орын Хлебодар ЖОББМ; 3 орын Саржансай ЖОББМ. Бірінші орын алған команда облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Мешітхан Х.

Құттықтаймыз!  Алғыс білдіреміз!

Б.А Кузембаев,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.