Заң мен тәртіп: Полиция алаяқтардың жаңаамалдары туралы ескертеді

Ақтөбеде алаяқтық оқиғасы тіркелді. Белгісізадам жәбірленушіге WhatsApp арқылы қоңыраушалып, өзін «Энергожүйе» компаниясыныңқызметкері ретінде таныстырған және есептегіштіауыстыру үшін «1414″ нөмірінен келген кодтыайтуды сұраған.

Кейінірек өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретіндетаныстырған басқа адам қоңырау шалып, жәбірленушінің атына жазылған код арқылы оған несие рәсімделгенін мәлімдеген. Алаяқтар қаражаттыұрлаудың алдын алу үшін жәбірленушіге өз атына несие рәсімдеуді және ақшаны «қауіпсіз» шотқааударуды ұсынған.

Жәбірленуші алаяқтардың барлық талаптарынорындап, үш банктен кредиттер ресімдеген жәнекөрсетілген шотқа 7 миллион теңгеден астам ақшааударған.

Полиция департаменті еске салады: күдіктіқоңыраулар мен хабарламалар түскен кезде әңгіменідереу тоқтатып, алаяқтардың талаптарын орындамаукерек. Көмек алу және ақпаратты тексеру үшін дереуполицияның 102 нөміріне хабарласу маңызды.

Бейтаныс адамдарға сенбеңіз және әрқашанақпаратты тексеріңіз!