ЗАҢДЫ БІЛУ – ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ ҚОРҒАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

Құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың өз құқығы мен міндетін білуінің басты кепілі. Заңды құрметтеп қана қоймай, оны күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу де маңызды.

Бүгінде интернет-алаяқтық, жеке деректерді заңсыз иемдену және банк шоттарын пайдалану сияқты құқық бұзушылықтар жиілеп отыр. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін азаматтар қарапайым қауіпсіздік талаптарын біліп, өз деректерін қорғауға мән беруі қажет. Мәселен, Мәртөк ауданының тұрғыны азамат Н.Б.Ж. банк шотын өзге тұлғаларға пайдалануға бергені үшін ҚР ҚК-нің 232-1-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Прокуратураның негізгі міндеттерінің бірі – заңдылықтың сақталуын қадағалау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастарға заң талаптарын насихаттау және азаматтардың құқықтық білімін арттыру қажет.

Заңды білу – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Өз құқығын білетін адам оны қорғай алады, ал заңды құрметтеу – әділетті қоғамның берік негізі.

Мәртөк аудандық прокуратурасы