ZHAS PROJECT» жобасы басталды

Ақтөбе облысында «ZHAS PROJECT» 2024 жобасының басталғаны туралы брифинг өтті.
Жоба NEET санатындағы 18-35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) жас қазақстандықтар үшін бастамаларды қолдауға және жағдай жасауға бағытталған. «ZHAS PROJECT» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша іске асырылуда.
Жобаның мақсаты — NEET санатындағы жастарды жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту. Байқауда осал топтар мен шалғайдағы ауылдық аудандардың жастарына ерекше басымдық берілетін болады.
«ZHAS PROJECT» 2024 жобасының Ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың 19 ақпанынан 24 наурызына дейін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, яғни ментордың өңірдің шалғай аудандарының тұрғындарымен кездесулері, жастар ресурстық орталықтарымен жұмыс, консультациялар және т.б. өтеді. Өтінімдерді қабылдау 25 наурыздан 24 сәуірге дейін басталады. Өтінімдерді конкурстық іріктеу ағымдағы жылдың 25 сәуірі мен 14 мамыры аралығында өтеді. Байқау жеңімпаздарының есімдері 15 мамырда белгілі болады. Ақтөбе облысында «ZHAS PROJECT» шағын гранттарын 1 адамға 1 миллион теңгеге дейін 14 өтініш беруші алады. Өтініш беруші конкурсқа қатысу үшін тек 1 әлеуметтік жобаны ұсына алады.