ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аудан басшысының қабылдауында 2 адам болды. Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан тұрғын үй алу және жер алу туралы сұрақтар жолданды.

Аталған сауалдар аясында заңдылыққа сәйкес жауап берген Медет Жұмабайұлы, мәселелерді шешу үшін тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеді.

Айта кетсек, аудан әкімінің жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр апта сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Алдын-ала жазылуды Мәртөк ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімі (Мәртөк а., С.Сейфуллин көшесі, 36 тел. 8(71331)-21-9-14) жүргізеді.