Жүлделі орындар
Ақтөбеде музыка апталығы аясында облыстық Ғ.Жұбанова атындағы филармонияның 80 жылдығы мен Камералық оркестрдің 20 жылдығына орай облыстық жас таланттардың дәстүрлі «Классика-2023» фестиваль-байқауы өтті. Бағын сынауға 80-нен астам бала өтініш берген.
Байқауға Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінің фортепиано классының оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ, Алдияр Сыдық «ІІІ дәрежелі» лауреат атанды, жетекшісі И.В.Иваницкая және Айнара Сисенбай «Гран при» иеленді, жетекшісі М.Ж.Каспакова.
Жетекшілер мен оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз! Биік беделге, асқақ абыройға жете беріңіздер.