Жыл қорытындысы. Кәсіпкерлік басқармасы

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының жалпы сауда көлемі 2 027,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі (НКИ) – 111,9% (Қазақстан бойынша 8-орын). Өткен жылмен салыстырғанда сауда көлемі 214,8 млрд теңгеге өсті, НКИ 19,5%-ға артты. Көтерме сауда бойынша НКИ – 114,9%, көлемі – 1 331,0 млрд теңге (Қазақстан бойынша 8-орын).  

Көтерме тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 140,7 млрд теңгеге артты, НКИ 27,9%-ға ұлғайды.  

Бөлшек сауда бойынша НКИ – 106,6%, көлемі – 689,6 млрд теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көтерме тауар айналымы 74,8 млрд теңгеге өсіп, НКИ 1,5%-ға артты.  

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.  Мемлекеттік қолдау шаралары бойыншаоблысымыз өңірлер арасында үздіктер қатарында.

2024 жылы мемлекеттік бюджеттен қолдау шаралары үшін 15,7 млрд. теңге қаржы қарастырылған, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен – 11,3 млрд,тг.;
Жергілікті бюджеттен – 4,4 млрд.тг.;

Ағымдағы жылдың 11 ай қорытындысы бойынша 1 702 жоба мақұлданды, оның ішінде:  

— субсидиялау бойынша – несие сомасы 46,3 млрд. теңгеге 1 125 жоба;

— кепілдендіру бойынша – несие сомасы 12,7 млрд. теңгеге 552 жоба;

— инфрақұрылым жүргізу бойынша – жалпы сомасы 1,0 млрд теңгеге  25 жоба.

Өңірде тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 93 396  бірлікті,, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 86 211 бірлікті құрайды.  2024 жылдың қаңтар – маусым айларында ШОБ субъектілері өндірген өнім, орындаған жұмыс және көрсеткен қызмет көлемі 925,5 мрлд. теңгеге, ал ШОБ саласында жұмыс істейтін азаматтардың саны 172,2 мың адамға жетті.

Жедел деректер бойынша 2024 жылдың қаңтар – маусым айларында ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 26,9% — ды құрады.

Бүгінде облыстағы әлеуметтік кәсіпкерлер тізімінде — 38 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.  

Хромтау моноқаласындағы «Өркен» өңірлік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,0 млрд теңгеге 95 жоба мақұлданды.  

Орналастыру нысандарында 190 мың адам қызмет алды, оның ішінде резиденттер (Қазақстан азаматтары) – 173,4 мың адам, резидент еместер (шетелдіктер) – 16,5 мың адам.  

Өңірдегі туристік нысандар аумағында 10 жайлы кемпинг орнатылды.  

Туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында 2024 жылы жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 4 жаңа жол бойындағы сервис нысаны ашылды.  Әйтеке би және Қобда  аудандарында 1 нысаннан болса, Ырғыз ауданында 2 қызмет етуде.

Облыс бойынша, су тасқыны салдарынан зардап шеккен 67 кәсіпкерлік субъектілері анықталды. Қосымша өңірлік комиссияға 10 өтінім түсіп, барлығы 77 кәсіпкерлік субъектісі толық қаралды:

Оның ішінде 11 жобаға құжаттардың толық ұсынылмауына немесе Қағидаға сәйкес келмеулеріне байланысты бас тарту туралы шешім қабылданды. Қалған 66 кәсіпкердің өтініші сомасы 805,8 млн. теңгеге мақұлданды.