Жыл қорытындысы: Мәртөк ауданында ауыл шаруашылығы саласының қарқыны жоғары

💡 Бүгінгі күні Мәртөк ауданында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыс жүргізілуде.
📊 Көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде биылғы жылдың 11 айында 30 622,5 млн. теңгеге өнім өндірілді. Жіктеп көрсетсек, мал шаруашылығы – 15 883,3 млн. тг., өсімдік шаруашылығы – 14 723,4 млн. тг., қызмет көрсету – 15,8млн. тг.

✔️ Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 102-ден астам жоба мақұлданып, 565,5 млн. теңгеге 77 жоба қаржыландырылды. Қалған өтінімдерге қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.

🐄 Мал шаруашылығы саласында төрт түліктің өсімі орташа есеппен 110 процентті құрады (ірі қара – 115,0%, қой -119,8%, жылқы – 130,8%, түйе – 55%).

🌾 Өсімдік шаруашылығына қатысты, биылғыжылы 92,4 мың гектар дәнді дақылды алқаптан 157 мың тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 50 мың тоннаға артқан немесе 30%-ға өскен.

📈 Ауыл шаруашылығы саласын бұдан әрі дамыту мақсатында, алдағы жылдарда (2024-2026 жж.) инвестиция көлемі 7,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны іске асыру жоспары тұр.

2024 жылы 15млн.тг 1 мал сою цехы салынды.
Аудан бойынша бүгінгі күнге 678,7 млн.тг 119 ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал жабдықтар сатып алынды.
2024 жылы 15 шаруа қожалық 1000 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды. Асыл тұқымды ірі қара мал саны былтырғыға қарағанда 121%-ға өсті.
2024 жылы 85 шаруа қожалық мал шаруашылығына 720млн.тг, өсімдік шаруашылығына 300 млн.тг субсидия алды.