🌍 Жыл қорытындысы: Жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар
Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау – бүгінгі күннің басты және өзекті мәселелерінің бірі. Ауданымызда бұл бағытта келесі маңызды жұмыстар жүзеге асырылды:
📐 Ауданның жер қоры — Жалпы көлемі: 660,5 мың га — Ауыл шаруашылығы алқаптары: 628,3 мың га — Оның ішінде жайылым: 415,5 мың га — Айналымға енгізілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер: 482,6 мың га — Оның ішінде жайылымдық жерлер: 477,3 мың га.
📌 Ағымдағы жылдың нәтижелері- Конкурс арқылы айналымға енгізілген жерлер: — Жалпы көлемі: 2554,8 га — Оның ішінде: — Жайылым: 1601,4 га — Егістік: 953,4 га — Қамтылған ауылдық округтер: Аққұдық, Құрмансай, Байнасай, Байторысай, Мәртөк, Сарыжар, Родников- Мемлекетке қайтарылған жерлер: — Жалпы көлемі: 6,3 мың га (2889,4 га егістік, 3468,7 га жайылым) — Қайтарылған жерлер мақсатына сай пайдаланылмаған 12 шаруа қожалығынан алынды (Жайсан, Хазірет, Құрмансай, Родников, Сарыжар, Мәртөк). — Орындау көрсеткіші: 106%⚖️ Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау- Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жалпы көлемі 43,7 мың га пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып қолданылған жерлер туралы 66 субъектіге тексеріс жүргізу үшін құжаттар жолданды. — Оның ішінде: — Жайылым: 25,3 мың га — Егістік: 18,3 мың га — Қамтылған ауылдық округтер: Байторысай, Қарашай, Байнасай, Аққұдық, Құрмансай, Сарыжар, Жайсан- Барлық заңбұзушылықтар бойынша 1 жыл мерзімге ұйғарымдар берілді. Егер осы мерзім ішінде талаптар орындалмаса, жерлер сот тәртібімен мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтарылатын болады.
🤝 Түсіндіру жұмыстары
Пайдаланылмай отырған жер пайдаланушылармен жерлерді өз еркімен мемлекетке қайтару бағытында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
📈 Алдағы жоспарлар Аудан бойынша пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.Жер ресурстарын тиімді пайдалану – ауыл шаруашылығы мен өңірдің тұрақты дамуының негізі. Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады!🌿#martok_audanynyn_akimdigi