ІЗГІ НИЕТТІ АЗАМАТТЫҢ ЕҢБЕГІ

Мәртөк аудандық музейінің ұйымдастыруымен 5 қазан қылмыстық іздестіру күніне 105 жыл толуына орай, «Ізгі ниетті азаматтың еңбегі» тақырыбындағы ғибратты-танымдық еске алу кеші өткізілді.

 

Еске алу кешіміз жерлесіміз, қылмыстық іздестіру қызметінде 1983-2001 жылдары Мәртөк ауылында Ішкі істер бөлімінде абыройлы істерімен танылған азамат Жилкаев Серкпай Кубашұлына арналды. Іскер азаматтың өмір өткелдеріне шолу жасасақ, Мәртөк ауданы Қаратаусай ауылында дүниеге келген. Мәртөк ауылында қазақ орта мектебін бітіріп, Орал ауылшаруашылық техникумын және Алматы экономика және статистикалық жоғары оқу орнын бітірген. Еңбек жолын 1974-1975жылдары «Заветы Ильич» колхозында тракторист болып істеген. 1975-1977жылдары азаматтық борышын Беларусь жерінде өтеп келген. Хлебодар кеншарында 1977-1978жылдары бригадир болып жұмыс жасаған. 1978 жылдан бастап Ақтөбе қаласында Фрунзе Ішкі істер бөлімінде участковый болып қызмет істеген. 1982 жылы Мәртөк ауданының ішкі істер бөліміне қызмет бабымен ауыстырылып, осы қызметте 2001 жылға дейін қызмет жасаған. Серікбай Кубашұлының ішкі істер қызметінде атқарған жұмыстарын үнемі жауапкершілікпен атқарып отырған. Ішкі істер қызметінде жүргенде абыройлы қызметі үшін көптеген Алғыс хаттармен және медальдармен марапатталған. Медальдары: «За 10 лет безупречной службы»; «За 15 лет безупречной службы»; «100 лет уголовному розыску». 100-летию уголовного розыска аталған қол сағатпен марапатталды.

Шараға Серкпай Кубашұлының жұбайы Оралова Мадина Панақызы, қарындасы Шаймухамбетова Зауреш, күйеу баласы Ермуханов Бауыржан, жолдастары Мәртөк ішкі істер бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Акзамов Бисенгали Мұхлисұлы және Табанова Бибігүл Төлегенқызы келіп қатысып естеліктермен бөлісті. Қазіргі Ішкі істер бөлімінің орынбасары Тюлюпбергенов Алмат Викторович келіп қатысты. № 3 Мәртөк орта мектебінің оқушылары іс-шараға белсенді араласты. Серкпай Кубашұлының өмір өткелдері мен қызмет барысына арналған көрмеде ұйымдастырылды. Ізгі ниетті азамат Серікбай Кубашұлының ерен еңбегі — кейінгі ұрпаққа үлкен ғибратты тәрбие. Әрдайым азаматтық өнегелі өмірі жадымызда сақталады.

 

Г.Н. Жақсығарина,

Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері.