Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қаратоғайауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Мәртөк ауданы Қаратоғайауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 02 қарашадан басталып, 2023 жылғы 14 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталсын.
  3. Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 19 қарашада жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталсын.
  4. Осы қаулы аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

К.Бердиев,

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.

Г.Утепбергенова,

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының хатшысы.