АУДАН ӘКІМІ МЕДЕТ ЫСҚАҚОВТЫҢ 8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АРДАҚТЫ АНАЛАР!

ҚАДІРЛІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР!

 

Баршаңызды шұғылалы көктемнің шуағымен қатар келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызда «Алып анадан туады» деген нақыл сөз бар. Бұл халқымыздың ардақты аналарымызды зор құрметтейтінін білдіреді.

Ғасырлар бойы қазақ әйелдері келер ұрпаққа бабалар даналығын жеткізіп отырды, жастарымызға адами қасиеттер мен адамгершілік ұғымын бойына сіңірді. Келер ұрпаққа Отанға деген махаббатты, үлкенге құрмет, кішіге ізетті үйретті. Сонымен бірге әйел-аналарымыз отбасының ұйытқысы болып, инабаттылық символына айналды.

Бұл күндері нәзік жанды аруларымыз барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Өздеріңіз ауданымыздың тыныс-тіршілігінің басы – қасында жүріп, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, ауданымыздың дамуына қосқан үлестеріңіз ерекше.

Сіздердің — өлкеміздің дамуы жолындағы қосқан еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылығымызды білдіреміз.

Бүгінгі мерейлі мерекеде Өздеріңізге мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке — бірлік тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

ДОРОГИЕ МАМЫ!

МИЛЫЕ ЖЕНЩИНЫ!

 

От всей души поздравляю вас с весенним праздником Международным женским днем 8 Марта!

Этот праздник является настоящим символом благодарности, сердечного признания заслуг наших матерей и милых дам.

Именно представительницы прекрасного пола наполняют наш мир красотой, душевной щедростью, любовью и нежностью. Вы дарите жизнь, воспитываете детей, создаёте домашний уют, совмещая домашние обязанности с активной профессиональной и общественной деятельностью.

Бережно храня преемственность поколений, современная женщина сочетает в себе и традиционные семейные и неповторимые индивидуальные, ценные деловые качества.

Милые женщины! Благодаря вашей созидательной энергии вы вносите неоценимый вклад в развитие нашего района, добиваетесь высоких результатов в разных сферах.

В этот светлый праздник желаю Вам крепкого здоровья, успехов в труде, благополучия вашим семьям и процветания нашей стране!

С праздником!