Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстар туралы
Мәртөк аудандық қазынашылық басқармасында 2024 жылдың басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айта кетсек, басқарманың мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп кодексінің бұзушылықтарының алдын-алу үшіндөңгелек үстелдер, техникалықоқулар өткізіледі, соның ішінде нормативтік-құқықтық актілер, хаттар, хаттамалар талқыланып қаралады.
2024жылдың 01наурыз айында басқарма қызметкерлері арасында және Мәртөк ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі СақтағановНұркенБақытжанұлықатысуымен,2024 жылға арналған Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкесжәне Қазақстан Республикасы Президенттің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 ЖарлығыменҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерініңӘдеп Кодексінің нормаларын сақтау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстелдің негізгі мақсаты- қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның көріністерін алдын алу.
Мәртөк ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіліСақтағанов Нұркен Бақытжанұлы бүгінгі күні еліміз бойынша кейбір мемлекеттік қызметшілермен өз лауазымдық қызметін асыра пайдаланып, қызметтен тыс уақытта беделін түсіретін және оған сенімсіздік туғызатын фотолар, видео және басқа да материалдарын әлеуметтік желілерде жарияламауға, өзінің осы іс-әрекеттерімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс екендігін және өз міндеттерін адал атқаруды жеткізді.
Мәртөк аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлері, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде қаржылық құжаттарды нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес сапалы және уақытында өңдейді. Қаржылық құжаттарды өңдеу кезенінді басқарманың мемлекеттік қызметкерлермен клиенттерге қашықтан қызмет жүзеге асырылады, тікелей байланысы жоқ және ақпараттық қауіпсіздігі сақталынған, осы жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын-алуға зор үлесін тигізеді.Басқармада қызметтік әдеп нормалары сақталынып, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық жай-күйі жұмыс атқаруға жасалынған.
Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық Департаменті, барлық аудандық қазынашылық басқармаларынасыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның көріністерін алдын алу үшін үнемі тиісті жұмыстар жүргізеді.
Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық Департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жасау мақсатында,Мәртөк аудандық қазынашылық басқармасыныңмемлекеттік қызметкерлерден Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы міндетін атқарушысының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес 2024жылғы 16 сәуірінде анонимді сауалнама алынды.
Ж. Танауова,
Мәртөк аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы.