Ақынмен жүздесу
Сарыжар Мәдениет үйінде Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай ҚР жазушылары Одағының мүшесі, ақын, аудармашы Гүлімай Әбішқызымен «Сәлеметсіз бе, Бақыт?» атты кездесу кеші өтті.
«Әйел адам бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» дегендей Гүлімай Әбішқызы да Фариза Оңғарсынова, Гүлнар Салықова, Күләш Ахметовалар секілді әйел жанының нәзік иірімдерін азаматтық лирикаға айналдырған ақындардың бірі.
Іс-шараға мектеп оқушылар мен ұстаздар және ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында «көркем оқу» тобының оқушылары Аяла Жолбосынова, Мәрмәр Болатова, Назерке Бахтыбаева дайндаған өлең үзінділері тыңдалды.
Келесі кезекте Гүлімай Әбішқызына сөз кезегі беріліп, шығармашылығы жайлы баяндап берді. Мұнан соң көрермен арасынан сұрақ қоюшыларға жауап берілді.
Кеш барысында ақын Гүлімай Әбішқызы өз өлеңдерін оқыды. Тиісінше, осы тұста ақын болғысы келетін Олжас Жұбатқан, Айша Жолбосынова, Перизат Аралбаева, Ерсұлтан Каметия сынды оқушылар да өз өнерлерін көрсетіп, көпшілікке өлеңдерін жолдады.
Кездесуге «айтыс-поэзия» класының оқушыларымен бірге Сарыжар орта мектебінің оқушылары да қатысты. Олардың ортасындағы Гүлімай Әбішқызының өлеңдерімен таныс балдырғандар, ақынның өлеңдерін оқыды.
Кеш соңында жүргізуші ақынға кездесуге келіп, шығармашыл балаларды аз-кем қанаттандырып кеткені үшін алғыс білдірді. Сонымен қоса, ақын ауылдық кітапханаға өлең жинақтарын сыйлады.