АЭС САЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ
АЭС салуды қолдау жөніндегі Мәртөк
аудандық Халықтық штаб аудандық
орталық аурухананың ұжымымен кездесті.
АЭС салуды қолдау жөніндегі Мәртөк аудандық Халықтық штаб мүшелері аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Ауданның денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесуге 40-тан астам адам қатысты. Кездесу барысында штаб мүшелері АЭС зиянды шығарындыларының көлемі – шамалы екендігін және жалпы ұлт саулығы үшін маңызды экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етедіндігін түсіндірді.
Штаб басшысы Ануар Искарин энергетика саласы мамандарының ядролық энергия «жасыл» деп танылғандығының бірнеше мысалдарын келтірді. Сонымен қатар, бұл энергия көзі жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза болып табылатындығын айтты.
“Кейінгі жылдары электр энергиясы төңерігінде мәселелер жие төбе көрсетіп келеді. Өздеріңізге белгілі электр энергиясына қажеттілік кез келген жерде бар. Алайда сол электр қуатын тұтынушыларға жеткізуде Мәртөк ауданының өзінде үлкен мәселе. Ауа райының қолайсыздығының салдарынан жарық жие өшіп тұрады. Оның себебі, электр желілерінің 80 пайызға тозығы жеткен. Оны жаңарту үшін қыруар қаражат қажет. Ал электр қуатына жұмсалатын қаражаттың көп бөлігі сыртқы энергия көзіне тәуелді болғандықтан сол жаққа жұмсалады. Мұндай жағдай жалғаса берсе, бүгінгі мәселе ертеңгі күні тым күрделенеді” ,- деді А.Искарин.
Штаб мүшесі Қыдырбай Шудабаев атом электр станциялары қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайтындығы туралы сарапшы мамандардың дәлелді пікірлерін жеткізді. Оған әлемдегі дамушы және дамыған елдердің АЭС-ті пайдаланудағы көп жылғы тәжірибелерін мысалға келтірді.
Кездесу барысында дәрігерлер бірқатар сұрақтарға жауап алып, өздерінің қолдау білдіретіндіктерін айтты.