АРХИВТЕРДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан республикасының барлық мемлекеттік архивтерімен көрсетіледі.

Көбінесе дәстүрлі болып табылатын еңбек өтілі, жалақы мөлшері,зейнетақы төлемдерді аудару туралы сұраныстарымен бірге әр-түрлі наградтармен марапаттау, зиянды заттармен жұмыс істеу, ұйымдар атауларын ауыстыру, мүлікті сату-сатып алу, сыйлау, мұрагерлікке алу туралы сұраныстар түседі.

Осы анықтамаларды алу үшін жеке және заңды тұлғалар (қызметті алушылар) нысан бойынша өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы», электрондық үкімет www.egov.kz веб-порталы не қызмет берушінің кеңсесіне жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні  ішінде беріледі, ал күрделі сұраныс болса (бірнеше ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда) мерзімі күнтізбелік 25 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Осыған байланысты зейнеткерлікке шығу үшін құжаттарды 2-3 ай бұрын дайындау қажет. Осы жерде  ескеретін жай – е-гов порталында техникалық ақау болған жағдайда қызметті алушылар берген сұраныстың нәтижесін өз жеке кабинеттерінен көрмей жатады, немесе орындау мерзімі өтсе де, «сұраныс орындалуда» деген хабарлама тұрады, бұндай жағдайда архивке хабарласып, сүраныс нәтижесін архивтің ақпараттық жүйесінен алуға болады, себебі, сұраныстар мерзімінде орындалуын қатан бақылауда ұсталады. Сұрақтар болған жағдайда 31072 телефоны арқылы хабарласуға болады. Архивтің барлық қызметкерлері «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп сертификат алды.

Мәртөк ауданының мемлекеттік архивінде 2023 жылдың 15 желтоқсанына 435 сұраныс қаралды, оның ішінде 106 сұраныс жақын және алыс шет елдерінен тұскен. Барлығы  уақытылы орындалды, және сұраныстар әлі де түсуде. Жоғарыда айтылғандай, сұраныстардың басым бөлігі еңбек өтілі (оның ішінде бала кезінде жұмыс жасағандары туралы), жалақы мөлшері мен зейнетақы төлемдерін аудару, жер мәселелері  туралы болып табылады. Көп жағдайда азаматтар бұндай анықтамаларды еңбек кітапшаларын жоғалту немесе ондағы мөр, жазбалар өшіріліп қалу, мүлікті уақытылы рәсімдемеу себептермен сұратады. Сонымен қатар, зейнеткерлікке құжаттарды тапсыру кезде зейнетақы тағайындау мемлекеттік орталықтары талап еткен мәліметтерді растау үшін жүгінеді.Осындай жағдайда сұраныс берушілер сұранысқа еңбек кітапшаларының, мүлікке қатысты құжаттардың көшірмелерін қосу қажет, себебі бұл архив қызметкерлеріне сұранысты толық және қысқа мерзімде орындалуына мүмкіндік береді.

Архив қызметкерлері көптеген шешілмеген мәселелеріне қарамастан (өз ғимаратының жоқтығы, штат тапшылығы) келіп түскен сұраныстарды уақытылы және сапалы  орындауға тырысады.

 

Н.А. Жамбусынова,

Мәртөк ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі.