Аудан әкімі Медет Ысқақовтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті жерлестер
және аудан қонақтары!
Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз-барлық қазақстандықтар үшін бірдей қымбат бейбітшілік пен жасампаздық мерекесі.
Саяси тұрақтылық, конфессияаралық және ұлтаралық келісім жағдайында біз тәуелсіздігімізді нығайтамыз, экономикамызды дамытамыз, болашаққа ұмтылған қуатты ел құрамыз. Бұл мереке халқымыздың мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің ұлылығын айшықтайды. Бұл табиғат қана емес, адамзаттың өзі де сергіп, жаңаратын тамаша уақыт. Наурыз — көктемгі күн мен түннің теңелу күні, әдетте жаңа жылдың басы болып саналады. Алдағы жылымызда жайлы және берекелі болсын, молшылық пен табыс сыйласын.
Сізге зор денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік және ең терең тілектеріңіздің орындалуын тілеймін. Көктемнің жылы сәулесімен Наурыз мерекесі әр үйге бірлік пен береке, амандық пен қуаныш әкелсін!