АУДАНДЫҚ ШЕБЕР-СЫНЫП

30 қараша күні Дастан-2016» ЖШС «Нұрсәт» бөбек-жайы бақшасында аудандық білім бөлімінің әдіскерлері М.Шауменова, А.Алжанова және «Нұрсәт» бөбек — жайы бақшасының меңгерушісі С.Калышеваның ұйымдастыруымен  мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен психологтарына арналған аудандық шебер-сынып өткізілді.

Ең алғаш болып тәрбиешілер үшін «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында шебер-сыныпта «Нұрсәт» балабақшасының тәрбиешілер: А.Б.Қалдіқұлова, Б.Е.Шаканова, У.Е.Ерназарова, А.Ш.Кунгратбаева, Ю.В.Донец, Ж.С.Бутекова, Ю.А.Чурсина, Е.С.Палиевалар өз іс-тәжірибелерін әріптестерімен бөлісті. Оның ішінде, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, асықтан қазіргі заманға сай ойындар ойнату. Ал, шебер-сыныптың екінші бөлімінде озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу бойынша облыстық құзыреттілік орталығының құрамына енген №1 «Тополёк» бөбекжай-бақшасы МКҚК психологі Ю.А.Ускова ауданымыздың мектепке дейінгі ұйым психологтары үшін «Ерекше білім беруді қажет ететін  балалармен жұмыс істеуде дәстүрлі емес сурет салуды пайдалану» тақырыбында өзінің шебер-сыныбымен бөлісті.

Шебер-сынып соңында педагог қызметкерлерге аудандық білім бөлімінің  алғыс хаттары мен сертификаттары табыс етілді.

С.Калышева,

«Нұрсәт» бөбек — жайы бақшасының меңгерушісі.