«Еркін тыныс ал» — квест ойыны

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай №4 Мәртөк ЖОББ мектебінде №2 Мәртөк мектеп-гимназиясы мен №4 Мәртөк ЖОББ мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында «Еркін тыныс ал» атты квест ойыны ұйымдастырылды.

Мәртөк аудандық ауруханасының кәсіподақ комитетінің төрайымы Ұлболсын Сапарова мен СӨСК дәрігер Даулет Әбдіқалиевтің ұйымдастыруымен өткізілген сайыстың мақсаты: Оқушырдың туберкулез туралы және аурудың алдын алу жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Бала кезінен өз денсаулығына саналы көзқарасты қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар мектеп бағдарламасына сәйкес келетін туберкулез ауруына байланысты интелектуалды ойындар, пазл құрастыру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, сонымен қатар алдын ала үй тапсырмасы ретінде салып келген суреттерін қорғап өзара сынға түсті. Содай-ақ, спорттық ойындар мен ұлттық ойын асық атудан да жарысты. Бұл сайыстарға №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының биология пәні мұғаімі Ермек Аймагамбетова, №4 мектептің мұғалімі Балжан Талипова және аудандық аурухананың фтизиопедиатр дәрігері Ақмарал Длимбетовалар төрелік етті.
Танымдылық шарасының соңында қатысушыларға аудандық аурухана атынан естелік сыйлықтар мен Алғыс хат табысталды.