Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді таза әрі қауіпсіз ету жолындағы бастамаларға ерекше тоқталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді таза әрі қауіпсіз ету жолындағы бастамаларға ерекше тоқталды. Ол былтыр басталған «Таза Қазақстан» акциясының нақты нәтижелерін атап өтіп, бұл тек экологиялық жоба емес, ұрпақ тәрбиесіне бағытталған маңызды идеологиялық жұмыс екенін айтты.
Жоба аясында 6 миллионнан астам адам қатысып, 1,6 миллион тонна қоқыс жиналып, 3,3 миллион көшет отырғызылған. Бұл – қоғамның белсенділігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Президент тазалықты тек табиғатпен шектемей, оны ішкі рухани тазалықпен, отансүйгіштікпен байланыстырды.
Мемлекет басшысы жастарды тазалыққа, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу – болашақтың кепілі екенін атап өтті. Ассамблея мен этномәдени бірлестіктерді осы іске белсене араласуға шақырып, әрбір үйден, көшеден басталатын тазалық — шынайы отаншылдықтың көрінісі екенін айтты. Тазалық арқылы жауапкершілік, тәртіп, патриотизм қалыптасады. Бұл – шын мәнінде Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстанның іргетасы.

Абдакиев Адайбек Жұмагелдіұлы
Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы