Қазақстандағы әйелдердің қоғамдағы рөлі мен ықпалының артуы

Қазақстанда әйелдердің қоғамдағы рөлі күн санап артып келеді, бұл елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп отыр. Әйелдер тек отбасы мен бала тәрбиесімен ғана айналыспай, экономиканың түрлі салаларында да белсенді қызмет етіп, саясатта, бизнесте, ғылым мен білімде үлкен жетістіктерге жетуде. Мұның өзі әйелдерге деген құрмет пен олардың қоғамдағы орнын нығайтуға септігін тигізеді.
Әйелдер әртүрлі кәсіби бағыттарда табысты болуға ұмтылып, қоғамдық өмірде белсенділік танытуда. Қазақстанның көптеген әйел саясаткерлері, кәсіпкерлері және қоғам қайраткерлері бар. Мысалы, бірнеше әйел министрлер, депутаттар, жоғары лауазымды қызметкерлер мен белсенді қоғамдық тұлғалар елдің саяси және экономикалық өміріне өз үлестерін қосып жүр. Осы арқылы олар нәзік жандылардың қоғамдағы орнын нығайтып қана қоймай, олардың мүмкіндіктері мен құқықтары тең деңгейде қарастырылуы керек екендігін көрсетуде.
Макуза Турлыгулова
Мәртөк аудандық аналар кеңесінің төрағасы