Құрметті ауыл тұрғындары!

Мәртөк ауданында мүгедектігі бар адамдар мен азаматтар арасында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ансар Көмек» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) ашылды, оның негізгі міндеті ауыл тұрғындары арасында, соның ішінде мүгедектігі бар адамдар арасында, кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Қор ауылдық жерлерде құс шаруашылығы мен жеміс-жидек шаруашылығын дамытудың басымды бағдарламасын әзірледі. Бұл нені білдіреді:
1. Қор жеміс өсіру бағдарламасы бойынша 0,1 – 0,2 га ( 10-20 соток) немесе одан да көп жеке учаскелерінде таңқурай (малина) өсіруді ұсынады. Қор поляк таңқурайының (малина) «Полька» сортының өнімділігі жоғары ремонтантты (жазбойы өнім беретін) көшеттерін (саженцы) жеткізуге, көшеттерді (саженцы) отырғызу, оларды күтіп-баптау, тыңайтқыштарды қолдану және зиянкестермен күресу технологиясы бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуге және дайын өнімді өткізуге міндеттенеді. Қорда көшеттерді жеткізушілермен және дайын өнімді сатып алушылармен алдын ала келісімдер бар.
Дайын өнімді қайда, қандай бағамен сатуды алдын ала біліп отырған ауыл тұрғыны үшін таңқурай (малина) өсіру шаруашылығы өте тиімді іс.
2. Қор ауылдық жерлерде құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша – бройлер, үйрек, қаз және жұмыртқалайтын тауықтарын өсіруді ұсынады. Қор құстардың балапандарын қайдан сатып алуын, құстарды өнімді өсіру үшін, арнайы жем, дәрумендерді жеткізуін, дайын өнімді қандай бағамен қайда сату бойынша консультативтік көмек көрсетуге міндеттенеді. Қорда жем жеткізушілермен және дайын өнімді сатып алушылармен алдын ала келісімдері бар.
Сондай-ақ, әрбір ауыл тұрғыны жеке ауласында бір мезгілде таңқурай мен құстарды өсіре алады, өйткені мұның бәрі отбасылық кәсіпкерлікке жатады. Ең маңыздысы, дайын өнімді сату, құстарға жем сатып алу және таңқурайдың сортты көшеттерін жеткізу туралы ойланудың қажеті жоқ себебі бұл мәселелердің барлығын Қор өз мідетіне алады.
Жоғарыда аталған отбасылық бизнесті іске асыру үшін беріп жатқан гранттарды пайдаланып және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен несие алуға болады.
Қор бизнес-жоспар құруға, қажетті құжаттарды жинау және несие алуға көмек көрсетеді.
Жоғарыда аталған кәсіппен айналысам деген әр ауыл тұрғыны келесі мекенжай бойынша хабарласа алады: Мәртөк селосы, Сейфуллина көш., 38 үй, кеңсе № 5, (Аудандық білім беру бөлімінің ғимараты), тел. 8-707-610-28-42; 8-747-503-40-76.
Әр ниет білдірушіге жеке көмек көрсетіледі.