Профилактикалық екпе алу маңызды!

Жұқпалы аурулардың белгілі бір түрлерінің алдын алудың жалғыз тиімді құралы профилактикалық егуді жүргізу болып табылады. 70-ші жылдардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасы бойынша бүкіл әлемде табиғи шешекке қарсы егу жүргізу нәтижесінде бүкіл әлемде шешек толығымен жойылды. Қазіргі уақытта Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстанда полиомиелит сияқты үрей туғызатын сырқаттанушылық жойылды.

1998 жылы вирустық гепатитке қарсы, 2005 жылдан бастап қызамыққа қарсы және 2008 жылы Хиб-инфекцияға қарсы вакцинация енгізілді.
Балалар мен ересектерді күлге қарсы жаппай егу нәтижесінде Ақтөбе облысында бірде-бір адам 1998 жылдан бастап күлмен және 1985 жылдан бері полиомиелитпен науқастанбаған.
Профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес 20 жұқпалы ауруларға қарсы егілу жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде 16 жұқпалы ауруларға қарсы егілу Республикалық бюджет тарапынан және 4 жұқпалы ауруларға қарсы егілу жергілікті бюджет тарапанынан қарастырылған.
Бүгінгі күні аудан бойынша профилактикалық екпелермен қамту оптималдықдеңгейде болды. Дейтұрғанмен, әртүрлі себептерге байланысты ата-аналардың өз балдарына екпе жасатқызудан бас тарту фактілері орын алып отыр. Балаларды екпемен толық қамтымау жұқпалы ауруларға сезімтал адамдар санынының көбеюіне әкеледі, яғни ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне әкеп соқтырады. Бұл жағдай ұйымдастырылған ұжымдарда (мектеп, мектепке дейінгі білім беру мекемелері) вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың эпидемиялық өршуіне әкелуі мүмкін.
Профилактикалық егулер ҚР ДСМ м.а. 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Профилактикалық егу жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмағанда – фельдшер егілетін адамға медициналық тексеріп-қарау жүргізеді, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпаратты береді.
Инфекция кішкентай баланың өміріне қауіп төндіреді, бұл жағдайда медициналық көмекке жүгінеміз. Ал вакцинация — бұл медициналық көмектің алдын алу түрінің бірі, инфекциялар мен олардың асқынуларынан қорғануға көмектесетін қарапайым медициналық рәсім.
Мысалы: Көкжөтел — балаларарасындакеңтаралған инфекция. Көкжөтелөкпеніңқабынуы (пневмония), мидың зақымдалуысияқты асқынуларменқаупті болса, күл ауруы тыныс, жүрек, жұмсақ таңдай және бұлшық еттерінің салдануына әкеледі. Көп жағдайда жүрек бұлшық еттерінің қабынуы немесе әртүрлі тұншығулар дамып, баланың өліп кетуі әбден мүмкін.
Сіреспе үшін жарақаттың көлемі маңызды емес. Сіреспені жұқтыру үшін ластанған затпен аздап шаншу жеткілікті. Егер адам сіреспеге қарсы екпе алмаған болса, онда 100% жағдайда ауру өліммен аяқталады.
Қызамық ауруы — кең таралған инфекция. Туа пайда болған қызамықты нәресте жүктілік кезінде анасынан жұқтырады. Әсіресе, әйелдер үшін қызамықпен ауыру жүктіліктің алғашқы 3 айында қауіпті, ондайда 50% жағдайда өздігінен түсіктер тіркеледі немесе 70% жағдайда нәресте даму ақауларымен туылады, соның ішінде соқырлық, кереңдік, жүрек ақауларымен, ақыл-есінің дамуының кідіруімен туылуы мүмкін.
Қызылша ауруының асқынуы көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар мен 20 жастан асқан ересектерде кездеседі. Асқынулардың кең таралған түбі – құлақ ортасының қабынуы (отит), бронхопневмония, мойын лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит соқырлық.
Қазіргі уақытта жұқпалы аурулардың таралуымен күресетін ең тиімді әдісі — вакцинация болып табылады.
Екпе жасаудың маңыздылығын бағалауда әрбiр ата-ана мен жалпы қоғамда толық түсiнiк болуы өте қажет. Мәртөк аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасыаудан тұрғындарын профилактикалық егулер алу арқылы өздерінің азаматтық борышын өтеуге, соның нәтижесінде қоғамның инфекциялық аурулармен күресуіне көмектесуге шақырады.
А. Шарафутдинова,
Мәртөк аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы.