Құрылтайда көтерілген маңызды мәселелердің бірі – ұлттық бірегейлікті сақтау.

Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлердің жойылып кетпеуі – әрбір қазақстандық үшін маңызды.

Мемлекет басшысы қазақ халқының тарихи мұрасын насихаттау, мәдени саясатты дамыту қажеттігін атап өтті. Бүгінде технологиялық дамумен бірге жаһандану үдерісі жүріп жатыр. Бұл үдерісте ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, керісінше, оны дәріптеуіміз қажет.

Қазақ тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін кеңінен таныстыру үшін мемлекет нақты жобаларды жүзеге асыруға тиіс.

Осы орайда, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу – әр азаматтың борышы.

Ш. Смагулова
“Дәстүрге жол” филиалының төрағасы