Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаратоғайауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалсын.
- Мәртөк ауданы Қаратоғайауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 02 қарашадан басталып, 2023 жылғы 14 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталсын.
- Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 19 қарашада жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталсын.
- Осы қаулы аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
К.Бердиев,
Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.
Г.Утепбергенова,
Мәртөк аудандық сайлау комиссиясының хатшысы.