Шексіз алғысымызды білдіреміз

2023-2024 оқу жылы №1 Мәртөк жалпы білім беретін мектебінің ұжымы және оқушылары үшін үлкен қуанышпен басталды. Оған себеп өткен оқу жылының аяғында мектебіміз «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасына іліккен болатын. Осы жоба аясында мектебіміз толығымен жаңа заманауи жиһаздармен және техникалармен соның ішінде заман талабына сай оқу кабинеттерімен жабдықталды.
Осы орайда жаңа жабдықтармен жабдықталған мектебіміздің ғимаратын талапқа сай келтіру үшін тозығы жеткен едендерімізді жаңа линолиуммен қамтамасыз етуге, сонымен қатар пластик панельден жасалған жаңа кабинетке, бір қатар жомарт жандар демеушілік жасаған еді.
Айлардың сұлтаны рамазан айының, түрік халықтарының жаңа жылы — Наурыз мейрамының қарсаңында жүректері мейірімге толы, демеушілік көрсеткен азаматтарға шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді:
• 1984 ж. түлектері
• 2000 ж. түлектері, класс жетекшісі Л.Д.Шиянова. Соның ішінде, физика пәні мұғалімі Е.А.Немчинова.
• 2004 ж. түлектері, 11 «В», класс жетекшісі Р.С.Баспаева
• 2007 ж. түлектері, 11 «А», класс жетекшісі Л.Д.Шиянова
• Кәсіпкер А.Н. Паизов
Осы аталған мектептің түлектері болмаса да физика пәнінің мұғалімі М.Н.Ермекованың оқушылары Мәртөк ауылдық округінің әкімі Сағитжанов О. бастаған бір топ жастар осы орайда демеушілік көрсетті. «Менің оқыған мектебім емес», деп бас тартпай аудан ортасындағы мектептің жөндеу жұмысына ат салысып, нағыз елжанды азаматтар екенін көрсете білді.

Алғыс білдіруші: №1 Мәртөк ЖОББМ ұжымы