Бүгін «AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ануар Искариннің төрағалығымен өткен жиынға Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бану Тілегенова, Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Талғат Көлкебаев, аудандық мәслихат депутаттары, партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және партия мүшелері қатысты.
Конференция барысында «AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалының Саяси кеңесінің 2023 жылғы қыркүйек айынан 2026 жылғы мамыр айына дейінгі аралықта атқарған жұмыстары жөніндегі есебі тыңдалды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік жол карталарының орындалу барысы жан-жақты талқыланды.
Жиында партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланып, алдағы кезеңдегі жұмыс бағыттары нақтыланды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.
Конференция қорытындысында партияның өңірдегі қоғамдық-саяси рөлін одан әрі күшейту, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастыру және партиялық жобалардың тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету міндеттері белгіленді.




