Сот залынан: «Негізсіз баю соммасы сот арқылы өндірілді»

Мәртөк аудандық соты негізсіз баю соммасын өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық іс қарады.
Талапкердің арызы бойынша: Талапкердің ұялы телефонына оған бұрын таныс емес абоненнтік нөмір қоңырау шалды. Сөйлесу барысында ол өзін Казпочта қызметкерімін деп таныстырды. Негізі талапкер почта арқылы посылка күтіп жүрген болатын. Содан ол посылка бойынша хабарласып жатыр екен деп ойлады. Қоңырау шалушы нөмірге жіберілгенхабарламадағы санды айтып жіберген соң, посылканы үйге алып апаратынын айтты. Талапкер сеніп хабарламада келген санды айтты. Көп ұзамай таныс емес азамат «Ватсап» желісі арқылы қоңырау шалып полиция қызметкері екені таныстырып, неге алаяқтарға код санын айтасыз, олар алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеп жатыр деп сендірді. Содан талапкер не істеу керек екенін сұрады.Полиция қызметкері несие рәсімдеп, ақша қаражатын, ол айтқан шоттарға аударасыз, содан біз алаяқтарды анықтап, ұстаймыз деп сендірді. Талапкер оған сеніп, есеп шотынан «Home Credit Bank» АҚ-ы арқылы жауапкер «Ф»-ның есеп шотына 2 000 000 теңге аударды.
Талапкер «А» Астана қаласының полиция бөліміне жүгініп, белгісіз тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс қозғады.Полиция тергеушісінің қаулысына сәйкес талапкер қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып танылды.
Талап қоюшы «А» сотқа талап қоюмен жүгініп, ол бойынша белгісіз тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде, жауапкер «Ф» есеп шотына негізсіз ақша аударғанын көрсетіп, жауапкерден 2 000 000 теңге және сот шығыстарын өндіруді сұраған.
Сот отырысында анықталғандай талап қоюшы есеп шотынан жауапкерге ақша қаражаты аударылған. Аталған аударым Банктің түбіртектегімен дәлелденді.
Сот, тараптар арасында шарттық міндеттеменің болмағандығы, талап қоюшының қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып табылғандығын назарға алып, талапкердің арызы сот шешімімен қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Аудандандық сотымен ағымдағы жылдың 9 айында негізсіз баю соммасын өндіру туралы талап қою бойынша 76 – азаматтық іс қарады, оның ішінде 60 – іс алаяқтық әрекеттерінен туындаған істер.
76 іс бойынша: 16-іс бойынша медиация тәртібімен реттеліп, іс жүргізу тоқтатылды, 48- іс бойынша шешім шығарылды, 2-іс қараусыз қалдырылды, 10-іс қарауда.
Аудандық сот әкімшісінің орынбасары
А.Ерманова




