СОТҚА КЕЛУШІЛЕР ҮШІН ЖАДЫНАМА

Азаматтар сотқа келген кезде күзет қызметінің қызметкеріне жеке куәлігін, сонан кейін шақыру қағазын (хабарлама) немесе келу мақсатын хабарлайды, сондай-ақ арнайы құрал мен бақылау жүргізу үшін жасалынған техникалық жабдықтың көмегімен тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі.

Келушілерді сот ғимаратына кіргізу жұмыс күндері сағат 08.30 дан 18.00 аралығында жүргізіледі.

Түскі үзіліс уақыты – 12.30 дан 14.00 аралығында сот ғимаратына кіргізу тоқтатылады.

Сотқа келушілер:

  • процессуалдық және басқа да құжаттарды беру және алу үшін сот ғимаратына кіруге, сондай-ақ сот материалдарымен танысу мақсатында сот ғимаратында болуға;
  • қабырғаларға орналастырылған сот құжаттарының үлгілерімен танысуға, соттың өндірісіндегінемесе басқа да сот істерінің қаралу күні мен уақыты туралы ақпарат алуға;
  • сот төрағасының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау үшін белгіленген және олардың назарларына жеткізілген күндері мен сағатында сот төрағасының қабылдауына;
  • сот отырысы жалғасып жатқан уақытты қоспағанда түскі үзіліс кезінде қызметтік ғимаратты босатып, жұмыс күнінің барлық уақытында осы соттың ғимаратында болуға құқылы.

 

Сот ғимаратында болған кезінде келушілер:

  • сот ғимаратында сот қызметінің тәртібімен белгіленген және қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау нормаларын сақтайды;
  • сотқа кіру кезінде тиым салынған заттарды тексеру үшін жабдықталған арнайы металлдетекторлар стационарларымен және өту құралдарының көмегімен жүргізілетін бақылаудан өтуге, күзет қызметкерінің талабы бойынша өзімен бірге әкелген заттарын олардың көзбе-көз қарауына мүмкіндік береді;
  • қол заттарын сақтау жәшіктеріне заттар мен құралдарды қалдырады;
  • сот отырысы басталғанға дейін сот отырысына шақыртуды (хабарламаны)көрсете отырып, соттың қызметкеріне сот процесіне қатысушы ретінде келгенін хабарлайды;
  • судьяларға, сот қызметкерлеріне, сот приставтарына және басқа да сотқа келушілерге әдепсіздік көрсетпейді;
  • заң талаптары мен судьялардың, қызметкерлерінің, сот приставтарының және күзет орнындағы күзет қызметкерінің өкімдерін орындайды;
  • судьялар, сот қызметкерлері, сот приставтары өздерінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына кедергі келтірмейді;
  • соттың мүлкіне мұқият қарауға, ғимаратта тазалық, тыныштық және тәртіп сақтауға міндетті.

 

Келушілерге:

  • сот ғимаратына атыс және суық қару, түйрегіш/кесетін қару, жарылғыш және тез тұтанғыш заттар, химиялық және улы заттар, жарылғыш құрылғылар, спирттік ішімдіктер алып кіруге;
  • сот ғимаратына алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйінде кіруге;
  • сот ғимаратына жануарлармен кіруге;
  • қызметтік үй-жайларда немесе сот отырыстарының залдарында соған рұқсат беруге құқылы судьяның немесе сот кеңсесі қызметкерінің рұқсатынсыз болуға;
  • танысу үшін алынған сот құжаттарын сот ғимаратынан (үй-жайынан) алып шығуға;
  • қабырғалардағы сот құжаттарының көшірмелерін алуға, сондай-ақ ол жерлерге жеке және жарнама ретіндегі хабарламаларды ілуге;
  • айдауыл нарядының қозғалысына кедергі келтіруге, айдауылшылармен сөйлесуге;
  • күзетпен ұсталушылар үшін жабдықталған үй-жайларға тікелей жақындықта болуға;
  • қызметтік үй-жайларда немесе сот отырысының залдарында іскерлік стильге сай келмейтін киімдермен (шолақ шалбарлармен, сланцылармен және т.б.),сырт киімдермен жүруге болмайды;
  • сот отырысының залдарына судьяның рұқсатынсыз фото-, кино-, бейне- және аудиоаппараттармен кіруге;
  • сот отырысы жүріп жатқан кезде байланыс құралдарын пайдалануға;
  • соттардың үй-жайларында және олардың іргелес аумақтарында санкцияланбаған жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, пикеттер, шерулер жасауға;
  • соттардың ғимараттарында (үй-жайларында) темекі тартуға, спирттік ішімдіктер ішуге;
  • жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сот ғимаратына келуге;

жеке заттары мен құжаттарын қараусыз қалдыруғатиым салынады.

Д.Бекмухамбетова,

Мәртөк аудандық

 сот әкімшісінің басшысы.