Заманауи технологиялар жол апатын азайтуға көмектеседі

Қазақстанның 2024 жылғы басымдықтарының бірі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру болды. Елімізде жол ережесін бұзуды автоматты түрде тіркейтін 25 мыңнан астам камера орнатылған, олар барлық бұзушылықтың 69%-ын анықтады.
Мобильді кешендер мен жасырын патрульдер де белсенді қолданылады, бұл жолдарда тұрақты бақылау тиімділігін орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жүргізушілер мен жолаушылардың хабардар болуын күшейтуге бағытталған «Қауіпсіз жол» және «Автобус» сияқты ауқымды профилактикалық науқандар өткізілуде. Жаңа жүргізушілерді даярлау сапасына ерекше назар аударылады: өзін-өзі даярлау алынып тасталды, енді барлық курсанттар мен автомектептер ІІМ бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Бұл оқытудың ашықтығын қамтамасыз етеді әрі жалған куәліктердің берілуіне жол бермейді.

Аталған шараларды қолдану қазірдің өзінде нәтиже беруде: бірқатар өңірде ЖКО санын едәуір төмендетуге және қаза тапқандар санын азайтуға мүмкіндік туды. Жаңа технологияларды енгізу және заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс Қазақстанның жолдарын қауіпсіз етеді.