ЖАҢА ҒИМАРАТ ҚАЖЕТ
Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Отарбаев Әділет Әділбекұлы Мәртөк ауданында болды.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Медет Жұмабайұлымен бірге Мәртөк аудандық әскери бөлімінің жұмысымен танысып, алдағы уақытта жаңа ғимарат салу мәселесін талқылады.
Сонымен қатар азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға даярлаудың негізгі мәселелері қаралды.