ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ!

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы жұмыспен қамту саласындағы қылмыскерлердің белсенділігі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің (Мир 24 -https://mir24.tv/news/16649356/obman-s trudoustrojstvom.-kak-raspoznat-moshennikov-pri-poiske- raboty, Рамблер – https://www.rambler.ru/pro/rabota/55487558-novye-shemy-obmana-rabotnikov-i-soiskateley-5 stsenariev-nazhivy/, РИА новости – https://ria.ru/20251018/moshenniki-2049030356.html, 48RU – 48Thttps://48.ru/text/world/2025/10/12/76071048/, Известия – https://iz.ru/1962442/2025-09 27/rossiianku-obmanom-uvezli-iz-tailanda-v-mianmu-dlia-raboty-v-call-tcentre, Новые известия https://newizv.ru/news/2025-10-16/poehala-za-mechtoy-okazalas-v-lovushke-kak-ne-popast-v-rabstvo pri-poiske-raboty-438072) мәліметтеріне сәйкес интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары табыс ұсына отырып, жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялайды. Жауап бергеннен кейін іздеушілерге жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректерді жинауға арналған сауалнамалар жібереді немесе зиянды бағдарламалық қамтылымы бар «жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны» орнатуды ұсынады. Бұл зиянкестердің банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шетелде, оның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Тайланд, Мьянма және т.б.) жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да білдіреді. Азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call-орталықтарға жұмысқа орналасу түрімен шетелге әкету үшін жалдайды, онда олар еңбек және сексуалдық құлдықта болуы, қанауға және зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін.
Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады. Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесілер ұсынылады:
— құжаттарды жібермес немесе қосымшаларды жүктемес бұрын жұмыс берушінің заңдылығын және сайттың мекенжайын тексеру;
— жұмысқа, оқуға жіберу немесе визаны рәсімдеу үшін қаражат аудармау;
— қосымшаларды тек Google Play, App Store ресми дүкендерінен орнату;
— ресми шарт жасасқанға дейін жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері мен деректерін және банк карталарын ұсынбау;
— қызметкерлерді іріктеу бойынша қызмет көрсететін делдалдың немесе агенттіктің заңдылығына көз жеткізу және агенттіктің тіркеу деректерімен шетелдік жұмыс беруші арасында жасалған шартты сұрату;
— кез келген күмән туындаған кезде полицияға хабарлау.
Сіздің туысыңыз немесе досыңыз адам саудасының құрбаны болған жоқ па, оны да тексеріңіз:
— әдеттегідей қоңырау шалған кезде бейнеқоңырауға ауысуды ұсыныңыз. Егер ол бас тартып, «мүмкін емес» деп, байланысын үзсе, бұл — дабыл сигналы, полицияға хабарласыңыз;
— бейнеқоңырау кезінде келесі сұрақтарды қойыңыз: «Қайда тұрғаныңды көрсет; Сенің жаныңда кім бар, оларды көруге болады ма?; Сен қазір қайдасың? Бұл пәтер ме, жатақхана ма, үй ме?; Бүгін таңғы асқа/түскі асқа/кешкі асқа не бар?; Телефонды қай жерде қуаттайсыз?; Сенің қасыңда розетка бар ма?; Терезеден қандай көрініс көріп тұрсың?, Көшеге шыға аласың ба?; Сен бүгін демалдың ба?; Сенде демалыс қашан? Жалақы алдың ба?; Құжаттарыңды қайда сақтайсың?».
Адам орналасқан фонға және қоршаған ортаға (бөлме, қойма, жатақхана), қасында әңгімені бақылап тұрған бөтен адамдарға, кеңес беруде адамдардың дыбысына, дауыс екпініне, бет әлпетіне (қорқып тұрғандай көрінеді, камераға қараудан бас тартады) назар аударыңыз. Егер адам қоршаған ортаны көрсетуден бас тартып, сөйлеуден қорқып, қысқа немесе бір қалыпты сөйлессе, оны бөтен адамдар бақылап тұруы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден полицияға хабарласыңыз.