Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» акциясының жүзеге асырылуы

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы қарқындытүрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындаайтылғандай, бұл акция тек уақытша науқан емес, тұрақты жауапкершілікке айналуы тиіс.

Бүгінгі таңда акцияға қатысқан тұрғындар саны 418 мыңнан асты, сондай-ақ 7 689 мекеме мен кәсіпорын белсенділік танытты. Нәтижесінде 105 мыңға жуық аула тазартылып, 291 саябақ пен сквердің көркі келді.

Елді мекендердің экологиялық тазалығы үшін 6 203 бірлік техника тартылып, 74 270 тонна қаттытұрмыстық қалдық полигонға шығарылды. Сонымен бірге, 207 су объектілерінің жағауларымен 93 920 метр арықтар тазартылды. Бұлшаралардың барлығы қоршаған ортаға қамқорлықкөрсету және экологиялық проблемаларды шешубағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыс.