Ауданда «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізілуде

Ағымдағы жылдың 2024жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Мәртөк ауданы аумағында аудандық полиция бөлімі«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акциясы өткізілуде.Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенім деңгейін арттыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында іс-шаралар өтеді.Жалпы, іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралармен жалпы халықты таныстыру.Акция барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, Ішкі істер органында есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау және есепке алу жоспарлануда, сондай-ақ олардың күнделікті өмір саласындағы қылмыстар тарапынан алдын алу.