Балабақшадағы наурыз мейрамы
Әз наурыз мейрамы да келіп жетті. Қыстан аман шығып, барша халайық төс қағысып, қуанышқа кеңелуде. Бүлдіршіндер де жыл басын асыға күтіп жүр. Аудан орталығында орналасқан №2 Айгөлек бөбекжай бақша балғындарына мерекеге орай салтанатты шара ұйымдастырып, ұлттық мейрамымызды ұлықтады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат — салт-дәстүрді дәріптеу.
Шара барысында әжелер шашу шашып, ән айтып берді. Балабақша меңгерушісі Тілеужан Жармагамбетова ата- аналарды, бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады. Бүлдіршіндер Қыдыр атаның батасын алып, мерекенің шырайын келтірді. Шара көңілді ән мен мың бұралған балалардың биімен, тақпақтарымен жалғасып, келген меймандарға өнерлерін көрсетті.
Бибигул Тулегенова,
Айгөлек бөбекжай бақшасының тәрбиешісі.