Еліміздегі экономикалық трансформация: басым салалардағы ірі 17 жоба негізінде 25 мың жұмыс орны ашылады
📌 Президент өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға жүйелі күш салу қажеттігін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті.
⏩ Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды.
Жобалар тізімі негізгі критерийлер бойынша таңдалды:
➡️ өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі;
➡️ экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлану;
➡️ өндірілетін өнімге нарықтық сұраныс;
➡️ ел немесе аймақ экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығы – мультипликативті әсер.
➤ Аталған жобаларға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрап, 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды.
📱 @KZgovernment