«TazaQazBot» Telegram чат-ботына 6 мыңөтінім түскен

«TazaQazBot»Telegram чат-ботына Қазақстанбойынша 6 мың өтінім түскен. Сервис «Таза Қазақстан» акциясы бойынша 5 шілдеде іскеқосылған еді.

Экология және табиғи ресурстарминистрлігінің хабарлауынша, тұрғындардан келіптүскен өтінімдер саябақтар мен аллеяларды, жолдарды, аумақтарды тазалау, жарықтандыру, абаттандыру, құрылыс және тұрмыстыққоқыстарды шығару, ғимарат қасбеттерін жөндеусынды 17 санатқа бөлінген. Жауапты мекемеөкілдерінің айтуынша, аталған чат тұрғындардыңбелсенділігін арттырып, қоршаған ортаға қатыстымәселелерді жедел шешуге мүмкіндік берген. «Таза Қазақстан» экоөркениетті дамытутұжырымдамасына сай, енді экологиялық құқықбұзушылықтарды тіркеуге арналған камераларкөбейеді.

«Атмосфералық ауа мониторингініңавтоматтандырылған посттарының желісін кеңейтукөзделген. Яғни халыққа онлайн-қолжетімділікарқылы ауаның жай-күйі туралы ақпаратты жеделалуға мүмкіндік береді. Қайталама шикізат үшінбонустар есептейтін экобокстар мен фандоматтарорнату қалдықтарға жауапкершілікпен қарауғаынталандырады», — деді ҚР Экология және табиғиресурстар министрінің орынбасары Жомарт Әлиев.