Мемлекет басшысы бірлік, диалог, өзара сенім мен құрметтің Қазақстанның қарқынды дамуының басты қағидаттары екендігін мәлімдеді.

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев этникалық әралуандылықты Қазақстанның стратегиялық артықшылығы ретінде атап өтіп, бұл ерекшелікті сын-қатер емес, еліміздің негізгі байлығы және даму кепілі ретінде қарастыру қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы бірлік, диалог, өзара сенім мен құрметтің Қазақстанның қарқынды дамуының басты қағидаттары екендігін мәлімдеді. Осы құндылықтарға негізделіп, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді сақтап, оларды болашақ ұрпаққа аманат етуге болатынын атап өтті.
Президент Қазақстанның тыныштық пен келісімде өмір сүрудің үлгісін көрсетіп, Әділетті Қазақстанды құру жолында барлық қиындықты жеңіп, болашаққа сенімді қадам басатынымызды мәлімдеді.
Президенттің сөздері – этникалық әралуандылықты тек байлық ретінде қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Бірлік пен өзара сенімге негізделген саясат, Қазақстанды болашақта да тұрақты әрі әділетті қоғамға айналдырады.
ЕРМАНОВА Жанар Рахмановна
Орталық аудандық кітапхананың директоры